Түркия рамазанда Сириямен шекараны ашты

884

Түркия рамазанда Сириямен шекараны ашты

Түркия сириялық босқындар қасиетті Рамазан айында туған-туыстарымен көрісулеріне мүмкіндік тудыру үшін екі ел арасындағы шекараны уақытша ашты, деп хабарлайды kazislam.kz.

Еске салсақ, Түркия Сириямен шекараны 2015 жылы босқындар легін реттеу үшін жапқан болатын. Алты жыл ішінде Сирияда дағдарыс басталған уақыттан бері Түркия үш миллионнан аса босқынды қабылдады. Бұдан бөлек, Түркия билігі шекарада биік қабырға тұрғызуда. Түркия билігінің хабарлауынша, Рамазан уақытында 30 мыңға жуық сириялық өз елдеріне барып келе алады. Көптеген босқындар түрік билігінің бұл шешіміне таңданыс білдірген. Олар Рамазанның соңында айт мерекесі күндері қайта орала алады.

"Сирияда менің кіші бауырым қалды, мен оны әлі күнге көрмедім", - дейді Исмаил Хадиди Жафар есімді босқын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу