Түркия Ресей газын сатып алуды жалғастырмақ

694

Түркия Қара теңіздегі "Сакария" кен орнынан газды қолдана бастағаннан кейін, Ресейден де газ сатып алуды жалғастырады. 

Түркия Ресей газын сатып алуды жалғастырмақ Фото: DW

Бұл туралы Түрік мұнай компаниясының Бас директоры Мелих Хан Бильгин ТАСС-қа берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол шетелден келетін газдың есебінен оған деген қажеттіліктің 99,5%-ы қанағаттандырылатынын атап өтті.

"Қалай болғанда да, мен Түркияның газ сатып алатынына және сататынына сенімдімін", — деді Билгин.

Ол өз елінде газ өндіру Түркияға басқа мемлекеттермен газға жеңілдік беруді талқылауға мүмкіндік береді деп мойындады.

Бильгин "Сакария" кен орны Түркиядағы газ хабында жұмыс істейтінін атап өтті. Оның айтуынша, онда күн сайын 40 млн текше метр газ өндірілетін болады.

2022 жылдың қазан айында Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанға егер қызығушылық танытқан сатып алушылар болса, Еуропаға жеткізу үшін Түркияда газ хабын құруды ұсынды. Қаңтар айында Түркия Мәскеу ұсынған газ орталығының жобасы бойынша жұмысқа кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу