Түркия Ресейден келетін газдың арнайы бағасын талқыламақ

178

Анкара өзі үшін "ең тиімді" бағаға келіспек.

Түркия Ресейден келетін газдың арнайы бағасын талқыламақ Фото: © Юрий Смитюк/ ТАСС

Түркия Ресеймен импортталатын табиғи газдың арнайы бағасы бойынша келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркияның Энергетика министрлігінің басшысы Алпарслан Байрактар ​​мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Milliyet газетіне сілтеме жасап. 

Министр 2023 жылы Түркия мен Ресей Федерациясы "өте ерекше бағамен" жанармай жеткізу туралы келісім жасасқанын еске салды. Тараптардың 2024 және 2025 жылдарға арналған бағдарламасы бар, ал Анкара өзі үшін "ең тиімді" бағаны қалайды.

"Бізде 2025 жылдың соңында аяқталатын өте үлкен келісімшартымыз бар. "Көк ағын" бар. Біз өзімізді де, өндіруші елді де қорғайтын механизм енгізгіміз келеді. Максимум мен ең төменгі бағасы болуы керек", – деді Байрақтар.

Министр жанар-жағармай бағасы мен жаңа келісім жасау үдерісі "бірге жүретінін" айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу