Түркия Ресейдің ДХР және ЛХР егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайды

936

Елдің СІМ тараптарды халықаралық құқықты сақтауға шақырды.

Түркия Ресейдің ДХР және ЛХР егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайды

Түркия Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайтынын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, Мәскеудің Донецк республикасын мойындау туралы шешімі "Минск келісімдерін бұзу, сондай-ақ Украинаның саяси бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу" болып табылады. 

"Біз Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз, барлық тараптарды халықаралық құқықты сақтауға шақырамыз", – деді ведомство өкілі.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: apa.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу