Түркия ресейлік автогазға Қырым арқылы қосылды

532

2015 жылдан бастап алғаш рет Ресей шағын терминал орналасқан Қырым арқылы автогазды (СКГ) экспорттайды. 

Түркия ресейлік автогазға Қырым арқылы қосылды Фото: РИА Новости

Ресейдің альтернативті жеткізу жолын табуы — халықаралық санкциялармен күресті жетістікке жеткені, деп жазады inbusiness.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

"Ресейлік автогаз өндірушілері (СКГ) қауіпсіздік қаупіне қарамастан сегіз жылдық үзілістен кейін Қырымдағы Керчь порты арқылы пропан мен бутанның тұрақты экспортын қайта бастады", — деп хабарлайды Reuters өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Агенттіктің пікірінше, экспортты қалпына келтіру Ресейдің халықаралық санкциялармен күресте жетістікке жетіп, теңіз арқылы экспортты жалғастыра алғанын көрсетеді. Негізі СКГ экспорты санкцияларға ілінбеген.

Reuters сұхбаттасушылары Керчь экспорты маусымның екінші жартысында қайта басталғанын айтады.

"Жеткізу теміржолмен Азов теңізіндегі Кавказ портына, содан кейін пароммен Керчьке жүреді, өйткені Қырым көпірі арқылы СКГ тасымалдауға тыйым салынады", — деді агенттіктің дереккөзі. Ол экспорт негізінен Түркияға кететінін айтты.

Шілде-тамыз айларында терминалдан 5,8 мың тонна, ал қыркүйектің алғашқы үш аптасында 6 мың тонна жөнелтілді.

Керчь пен Ресейдің оңтүстік порттары арқылы жеткізілімдер арзандығы жағынан ұтымды болғанымен, бұл бағыттағы экспортты қауіпсіз деуге келмейді, оған қоса  танкерлер де жиі табылмай жатады, дейді трейдерлер.

Агенттік атап өткендей, ресейлік компаниялар биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында автогаз экспортын 10% -ға — 1,9 млн тоннаға дейін ұлғайтты. Жүктің 34%-ы Польшаға, 10%-ы Латвияға, ал қалған бөлігі шығысқа жіберілді.

Керчь терминалы 2010 жылы салынған. Оның қуаттылығы айына 120 мың тоннаға дейін жетеді. Терминал Қырым ЖЭС-ке тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу