Түркия ресейлік газдың импортын азайтып, Әзербайжан мен Иранның үлесін арттыруда

503

Түркия шілде айында Ресейден газ импортын 37,2%-ға қысқартып, керісінше Иран мен Әзербайжаннан көгілдір отын сатып алуды ұлғайтты.

Түркия ресейлік газдың импортын азайтып, Әзербайжан мен Иранның үлесін арттыруда Фото: tap-ag.com

Бұл туралы Түркияның энергетикалық нарықты реттеу басқармасының баяндамасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылдың шілдесінде Түркияға табиғи газ импорты өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 15,7%-ға қысқарып, шамамен 3 миллиард 411 миллион текше метрді құрады", – деп хабарлады ведомство.

Көрсетілген айда құбырлар арқылы 3,028 млрд текше метр және танкерлермен сұйытылған табиғи газ (СТГ) түрінде 383 млн текше метр импортталды.

"Есепті кезеңде құбырлар арқылы табиғи газ импорты 13%-ға, ал СТГ – танкерлер арқылы жеткізу 32,6%-ға қысқарды. Шілде айында Түркия Ресейден табиғи газдың ең ірі көлемін сатып алды 1 миллиард 448 миллион текше метр. Одан кейін Иран 870 миллион текше метр, Әзербайжан – 710 миллион текше метр. Аталған кезеңде Ресейден газ импорты 37,2%-ға қысқарып, Иран мен Әзербайжаннан тиісінше 37,5% бен 31,5%-ға өсті", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу