Түркия Республика күнін атап өтіп жатыр

284

Түркия республикасының құрылғанына 101 жыл толды. 

Түркия Республика күнін атап өтіп жатыр Фото: Anadolu Agency

Жыл сайын 29 қазанда түрік халқы өзінің басты ұлттық мерекесі – Республика күнін атап өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Республиканың жариялануымен мемлекеттік басқаруда "Егемендік сөзсіз халықтың еншісі" ұраны кеңінен тарады. 

1920 жылы 23 сәуірде түрік халқының ұлт-азаттық күресі кезінде Ұлы Ұлттық Мәжіліс (парламент) ашылып, Түркия Республикасын жариялады. Алайда Түркия Республикасы 1923 жылға дейін ресми түрде танылмады. 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Түркияның тәуелсіздігі мойындалды.

1923 жылы 13 қазанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің екінші шақырылымы басталғаннан кейін 2 ай өткен соң Анкара түрік үкіметінің орталығына айналды.

Түркия Республика аталғаннан кейін бірінші президент сайлауы өтті. Жасырын дауыс беру кезінде 158 депутаттың барлығының дауысын алған Мұстафа Кемал Ататүрік жаңа түрік мемлекетінің тұңғыш президенті болып сайланды.

1924 жылғы 26 қазандағы жарлыққа сәйкес Республиканың жарияланған күнін артиллериялық атыспен және ресми шаралармен атап өту туралы шешім қабылданды.

Қаулыға сәйкес Түркияда мерекелік шаралар 1924 жылы 29 қазанда басталды.

1925 жылы 2 ақпанда Түркияның Сыртқы істер министрлігі 29 қазанды ресми мереке деп жариялауды ұсынды.

Бұл ұсынысты Парламенттің Конституциялық комиссиясы қарап, 18 сәуірде қабылдады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 1925 жылы 19 сәуірде 29 қазанды ұлттық мереке деп жариялау туралы шешімді бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу