Түркия сәуірдің басында президенттің өкілеттігін кеңейту туралы мәселе бойынша референдум өткізеді

888

Түркия сәуірдің басында президенттің өкілеттігін кеңейту туралы мәселе бойынша референдум өткізеді

Конституцияға президенттің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтетін өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша референдум сәуірдің басында өтеді, деп хабарлады сәрсенбі күні Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым.
Өткен аптада Түркияның парламенті негізгі заңға  18 түзету енгізді. Аталған түзетулер елді парламенттіктен президенттік республикаға айналдырады. Құжат президент Режеп Тайып Ердоғанға қол қоюға жөнелтілді. Мұнан соң  референдумға шығарылады.
"Анадолы" ақпараттық агенттігінің пайымдауынша,  референдум 2 сәуірде өтуі мүмкін. Ол өткен аптада елдің вице-премьері Нуман Куртулмуш ықтимал күндер ретінде  2- немесе  9-сәуірді атағанын назарға салады.
Конституцияға өзгерістер пакетін парламентке  әділдік және даму басқарушы партиясы енгізді. Түзетулер президентке вице-президенттерді, министрлер мен жоғары лауазымды шенеуніктерді тағайындау, министрліктердің құзіреті мен құрылымын құру, қайта құру бойынша шешім қабылдау өкілеттіктерін береді. Сонымен бірге премьер лауазымы жойылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу