Түркия: "Северный потоктағы" диверсияға АҚШ-тың қатысы бар

469

Энергетика жөніндегі халықаралық сарапшы Мехмет Доган Medya Gunlugu түрік ақпараттық порталына арналған мақаласында "Северный поток" және "Северный поток-2" құбырларындағы диверсия Ресей үшін тиімді емес деп жазады.  

Түркия: "Северный потоктағы" диверсияға АҚШ-тың қатысы бар

Сонымен қатар Ресей Еуропаға газ жеткізуді басқарып отырғандықтан, ол бұл нұсқаның қисынға келмейтінін айтады.

Оның пікірінше, диверсияға АҚШ-тың тікелей қатысы бар.

"Газды тасымалдап отырған ел үшін мұны істеу қисынға келмейді. Әсіресе Ресей президентінің "Северный поток-2" газ құбырын бір ғана батырманы басу арқылы іске қосуға болады" деген мәлімдемесінен кейін бұл нұсқаны мүлдем қарастырмауға болады", – деді Доган.

Оның айтуынша, жарылыстарды біреудің қасақана ұйымдастырғанына күмән жоқ.

АҚШ билігі Еуропалық Одақ елдерінің ресми тергеуі аяқталғанға дейін "Северный поток" және "Северный поток-2" құбырларына қатысты төтенше жағдайдың себептері туралы ешқандай мәлімдеме жасамайды, деп хабарлады Пентагонның баспасөз қызметі.

Осылайша, ведомство су астындағы жарылыстар болған жердің үстінде американдық әуе күштерінің тікұшақтары байқалды деген ақпаратқа жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу