Түркия шектеулерді қысқартып жатыр

652

COVID-19 алғаш рет бұл елде өткен жылдың 10 наурызында Еуропадан оралған жергілікті тұрғыннан анықталған болатын.

Түркия шектеулерді қысқартып жатыр

1 мамырда Түркияда індетке байланысты енгізілген шектеулерді қысқарту процесінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Бұған дейін жұмыс күндері сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынған болса, 1 маусымнан бастап коменданттық сағат дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін, жексенбіде күні бойы жарияланды.

2021 жылдың сәуір айында Түркияда коронавирус жұқтырғандардың ең жоғары тәуліктік өсімі тіркелді. Жергілікті билік алдымен бірқатар шектеу енгізіп, кейін шамамен екі аптаға локдаун жариялады. Осы шаралардың арқасында вирус жұқтыру көрсеткіші сегіз есе қысқарды. 

Коронавирус алғаш рет Түркияда өткен жылдың 10 наурызында Еуропадан оралған жергілікті тұрғыннан анықталған болатын. Қазіргі уақытта ауруға шалдыққандардың саны 5,249 миллионнан асты. Оның 47 527-сі қайтыс болып, 5,114 миллионы аурудан жазылды.

Түркия жаппай вакцинацияны 14 қаңтарда бастады.

Табиғат Ерболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу