Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы

623

21 қаңтар күні Түркия елшілігі жанында Қасиетті Құран кітабын жағумен көзге түскен наразылық акциясына қарсы Ердоған осындай мәлімдеме жасады.  

Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы Фото: aa.com.tr

Швеция НАТО-ға кіру процесі бойынша міндеттемелерін бұзды, өйткені ол Стокгольм орталығында терроризмді насихаттауға жол берді, деп жазады inbusiness.kz Түркияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Стокгольмнің орталығында Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) террористік ұйымымен байланысты топтардың үгіт-насихат демонстрациясын өткізуге рұқсат берген әрекетін айыптаймыз", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай әрекеттер Швеция қол қойған терроризмді насихаттаудың алдын алу жөніндегі үшжақты меморандумды бұзудың айқын көрінісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу