Түркия СІМ Сирия оппозициясының жетекшілерін қабылдады

743

Ресми кездесу Дамаск пен Анкара өкілдерінің келіссөздерінен бірнеше күн өткен соң болды. 

Түркия СІМ Сирия оппозициясының жетекшілерін қабылдады Фото: ИноСМИ

Түркия Анкараның Дамаскпен қарым-қатынас орнатуға деген ашық талпынысынан күдіктенген Сирия оппозициясының жетекшілерімен жағдайды оңтайландыру үшін ресми кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу "Твиттерде" Анкарада оппозициялық Сирия Ұлттық кеңесінің басшысы Махмут Әл-Маслатпен және басқа да көшбасшылармен кездесуінен фотосуреттер жариялады.

Диалог Түркия мен Сирияның Қорғаныс министрлері 2011 жылдан бері алғаш рет Мәскеуде келіссөздер жүргізгеннен кейін бір апта өтер-өтпес уақыттан кейін орнатылды.

"Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2254 қарарына сәйкес сириялық оппозиция мен халықты қолдайтынымызды тағы да айтамыз", – деді Чавушоглу БҰҰ-ның 2015 жылғы Сириядағы атысты тоқтатуға және саяси реттеуге шақырған құжатына сілтеме жасап.

12 жыл бұрын Сирияның азаматтық соғысының басында президент Башар Асадты құлату үшін көтерілісшілердің қолдай бастаған Анкара сол кезден Дамасктің қас жауына айналды.

Алайда 2017 жылы Асадты террорист деп атаған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия басшысымен кездесуден бас тартпайтынын білдірді.

Ердоған қорғаныс министрлерінің келіссөздері, содан кейін Сыртқы істер министрлерінің кездесуі президенттердің саммитін ұйымдастырудың алғышарттары деп түсіндірді.

Чавушоглу қаңтардың екінші жартысында сириялық әріптесі Фейсал Микдадпен кездесуді күтетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу