Түркия Сирия мен Ирактағы күрд нысандарына соққы берді

176

Сирия мен Ирактағы Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы операция Анкарадағы лаңкестік әрекеттен кейін басталды.

Түркия Сирия мен Ирактағы күрд нысандарына соққы берді Фото: Turkish defence ministry

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе шабуылдары нәтижесінде лаңкестердің 30-дан астам нысаны жойылды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Министрлік хабарламасына сәйкес, әуе соққыларының нәтижесінде лаңкестерге тиесілі барлығы 32 нысан "сәтті жойылды". Қорғаныс министрлігі қандай нысанаға соққы берілгенін нақтыламады. Мәлімдемеде бейбіт тұрғындарға зиян тигізбеу үшін "барлық сақтық шаралары" қабылданғаны айтылған. Әуе операцияларының жалғасып жатқаны атап өтілді.

Түрік әуе күштерінің соққысы Анкара провинциясындағы Turkish Aerospace Industries (TAI, TUSAS) қорғаныс өнеркәсібі компаниясының нысандарында теракт жасалғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 22 адам жараланған. Сонымен қатар, екі шабуылшы өлтірілді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, шабуылға Күрдістан жұмысшы партиясы қатысы бар болуы мүмкін. Түркияның Қорғаныс министрі Яшар Гюлер де бұл оқиғаға КЖП-ның қатысы барын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу