Түркия Сириядағы операциясын Құрбан айт мерекесінен кейін бастайды

679

Ирактың солтүстігіндегі операция 18 сәуірде басталған болатын.

Түркия Сириядағы операциясын Құрбан айт мерекесінен кейін бастайды

Түркия Сириядағы жаңа әскери операцияны Ирактың солтүстігінде өткізіліп жатқан трансшекаралық операцияны аяқтағаннан кейін бастауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Hürriyet газетіне сілтеме жасап. Бұйрық Құрбан айт мерекесінен кейін берілмек.

Ирактың солтүстігіндегі операция 18 сәуірде басталған болатын. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осы күнге дейін Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының 220-дан астам содыры жер жастандырылып, олар шоғырланған нысандар мен қару-жарақ пен азық-түлік қоймалары жойылды.

Бұған дейін Түркияның Қарулы күштері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастағанын мәлімдеді. Операцияға арнайы күштер мен әуе күштері қатысуда. Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акара ұшақтар күрдтердің баспаналарына, бункерлеріне,қоймаларына соққы жасалғанын хабарлады.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшы партиясы Түркиядағы күрдтердің саяси құқығы талап етіп, елдің құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылдың шілдесінде тоқтатылды.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған бұл операцияның мақсаты Ирак аумағын террористерден тазарту, шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу