Түркия тағы да газ кен орнын тапты

1150

Соңғы жылдары жергілікті билік мұнай мен газды барлау жұмыстарын жандандырды.

Түркия тағы да газ кен орнын тапты Фото: reuters.com

Түркия Қара теңізден табиғи газдың жаңа кен орнын тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің дерегіне сүйенсек, қор "Амасра-1" қайраңында табылған.

Елдің энергетика министрлігі жаңа кен орнының ашылуы туралы ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда бұған дейін ел президенті Режеп Тайып Ердоған осы аптада Қара теңізге қатысты "жағымды жаңалық" айтатынын жариялаған еді. Билік кен орнынан өндірілетін газдың жалпы көлеміне қатысты тәуелсіз аудит жүргізбеді.

Соңғы жылдары Түркия өз жағалауларында мұнай мен газды барлау жұмыстарын жандандырды. 2020 жылы Ердоған Қара теңізде газ кен орындарын тапқанын мәлімдеген еді. Бұл қордың көлемі 400 миллиард текше метрден асады, ал оны игеру 2023 жылы басталуы мүмкін.

Түркия экономикасы соңғы уақытта қиын кезеңді бастан кешіруде. Маусым айының басында Ердоған несие мөлшерлемерін төмендетуге үндегеннен кейін, түрік лирасы құлдыраған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу