Түркия Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде араағайындық жасауға дайын

902

Анкара 2022 жылдың ортасында Украина мен Ресей арасындағы алғашқы келіссөздерде делдал болған.  

Түркия Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде араағайындық жасауға дайын Фото: РИА Новости

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Лондондағы саммитте Анкараның Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздер өткізу ұсынысын қайта көтереді деп күтіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

BBC News жазуынша, 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Түркия алғашқы келіссөздерге бастамашы болды. Осылайша Қара теңіз арқылы астықтың қауіпсіз транзиті туралы келісімге қол қоюға жәрдемдесті.

Саммитке дайындық барысында Хакан Фидан ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Ал Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ақпан айында Владимир Зеленскийді Анкарада қабылдаған болатын.

Түркия – НАТО-дағы әскер саны бойынша екінші орында тұрған ел. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу