Түркия Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты ұстанымын тағы да нақтылады

Бұл туралы кеше Түрік көшбасшысы Ердоған халыққа үндеуінде айтты. 

Түркия Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты ұстанымын тағы да нақтылады Фото: РИА Новости

Жиында ол Анкараның аталған соғысқа қатысты ұстанымын кезекті рет сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Түркия Украина төңірегіндегі соңғы оқиғаларды мұқият бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ, "бейбіт келісім нәтижесінде ешбір тарап жеңіліске ұшырамауы тиіс" деген пікірді ұстанады.

– Украина мен Ресей арасындағы соғыста біз дұрыс ұстаным таңдадық. Біздің көзқарасымызға ешкім, әсіресе ел ішіндегі оппозиция ықпал еткен жоқ. Біз қос тарапқа да тең дәрежеде қарым-қатынас жасадық. Барлық алаңда бейбітшілік процесінде ешкім жеңілмеуі тиіс екенін атап өттік. Төртінші жылға созылған бұл соғыс қан төгіссіз, қиратусыз, әділетті бейбіт келісіммен аяқталуын қалаймыз, – деді ол.

Бұған дейін, Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, оның Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған әрекетін қолдайтынын мәлімдеген-ді. Түркия басшысы соғыстың алғашқы күнінен бастап әділетті әрі тұрақты түрде бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті.

– Түркия Украинадағы қақтығысты тұрақты шешу мақсатында келіссөздер жүргізуге алаң ұсынуға дайын, – деген болатын Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу