Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскада өткен кездесуінің Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатудың жаңа мүмкіндіктерін тудырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялағанында айтты.
"Аляскадағы АҚШ пен Ресей президенттері арасындағы келіссөздер Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жолындағы іздестіруге жаңа импульс сыйлады. Біз бұл кездесуді құптаймыз және Украина президенті Зеленскийдің де қатысы бар жаңа процестің тұрақты бейбіт жағдайдың негізін қалауына үміттенеміз" — деді Ердоған.