Еске салайық, ұшақта Украинадан келген жұп пен екі қазақстандық арасында жанжал басталып, соңы төбелеске ұласқан-ды.
Clash Report басылымы саяси келіспеушілік дауынан соң ұшқыштардың шұғыл қону туралы шешім қабылдағанын жазды.
– Украинадан келген жұп пен екі қазақстандық Pegasus Airlines рейсінің Анталья-Астана бортында төбелесті. Ұшақ Эрзурумға мәжбүрлі түрде қонды. Төртеуі де ауруханаға жеткізілді. Кейін полицияға тапсырылды, – деп толықтырды басылым.
Оқиғадан соң Pegasus Airlines компаниясы жанжал шығарғандарға шығынды өтеу туралы талап қойған.
Түркиялық БАҚ-тардың жазуынша, ұшақты мәжбүрлеп қондыруға және жанармай құюына 120 мың АҚШ долларлар кетеді. Енді бұл қаржыны оқиғаға себеп болғандар төлеуі мүмкін.
Бүгінгі күні жолаушылардың басқа қандай жауапкершілікке тартылатыны белгісіз болып тұр.