Түркия жағалауында бір жыл ішінде 44 мың заңсыз мигрант ұсталды

416

Түркия ІІМ басшысы 2022 жылы қылмысқа қарсы күрестің қорытындыларымен бөлісті.  

Түркия жағалауында бір жыл ішінде 44 мың заңсыз мигрант ұсталды Фото: aa.com.tr

Түркия Жағалау күзеті Басқармасы өткен жылы 44 мың заңсыз мигрантты ұстады, ал 2021 жылы түрік суларында ұсталғандар саны 23 676 адамды құрады. Бұл туралы бейсенбіде ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министр әлемдегі жағдай Түркияның қауіпсіздігіне оң әсер етпейтінін ескертті.

"Керісінше, біз шет мемлекеттерге, соның ішінде Батысқа да үнемі ескертулер жасауға мәжбүрміз. Алайда, баяғы жартас - бір жартас", - деді Сойлу Батыс елдерінің жекелеген террористік құрылымдарды қолдауына назар аудара отырып.

Сойлу: "АҚШ Сирия мен Африка елдеріндегі әрекеттерінің салдарын түсінбейді ме? Көші-қон мен есірткі айналымы тұрғысынан терроризм, тұрақсыздық пен зорлық-зомбылық неге әкелуі мүмкін екенін білмейді ме?"

Түрік министрі дағдарыс жағдайларының салдары туралы Еуропада, оның ішінде Германияда да жақсы білетінін атап өтті, ол өз уақытында миллиондаған мигранттардың жүктемесін өз мойнына алды.

Оның айтуынша, Түркияның Жағалау күзеті күштерінің арқасында 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 169 179 мигрант құтқарылды.

Сойлу өткен жылы Түркияның теңіз шекарасын заңсыз кесіп өту әрекеті кезінде әртүрлі террористік ұйымдардың 126 мүшесі, оның ішінде Фетуллах Гүленнің қан ұйымының 117 жақтаушылары, КЖП-ның алты содыры және Деаштың 3 террористі тұтқынға алынғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу