Түркия жарылысқа қатысты АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамады

726

Билік бомба жарылысының түп төркіні қайдан шыққанын білетіндерін жеткізді.

Түркия жарылысқа қатысты АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамады Фото: ria.ru

Түркия ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлу тергеу Стамбулдағы лаңкестік әрекеттің артында кім тұрғанын біледі, сондықтан елдегі АҚШ елшілігінің көңіл айтуы қабылданбады деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

"Біз шабуылдың түп төркіні қайдан шыққанын білеміз. Бізге жіберілген хабарламаның астарын түсіндік. Сондықтан біз Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Ешкімге опасыздық жасамайтын ел ретінде өзге елдердің опасыз әрекеттеріне төзбейміз. Истиклал көшесі біздің баламыздай ыстық. Егер біз қылмыскерді ұстамағанда, ол Грекияға қашып кететін еді", — деді министр CNN Türk арнасында.

Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер бұған дейін АҚШ Ыстамбұлда болған зорлық-зомбылық әрекетін айыптайтынын, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтатынын хабарлаған.

Бір күн бұрын Ыстамбұлдың орталығындағы Истиклал жаяу жүргіншілер туристік көшесінде жарылыс болды. Президент Режеп Тайып Ердоған хабарлағандай, нәтижесінде алты адам қаза тапты. Түркияның Вице-президенті Фуат Октай кейінірек 81 адам зардап шеккені туралы хабарлады. Олардың ішінде үш орыс бар.

Полиция лаңкестік іс бойынша 46 адамды, оның ішінде терактіні орындауы мүмкін күдікті адамды ұстады. Жарияланған бейнеде оның орындықта шамамен 40 минут отырып, жарылыстан кейін алды-артына қарамай, телефон экранынан көз алмаған күйі қашып кеткені көрсетілген.

Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы болған оқиғаны тергеуді бастады. Қылмыстық сот сайттан немесе әлеуметтік желілерден хабар таратуға тыйым салды. Көп ұзамай түрік полициясы күдіктіні ұстады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу