Түркия билігі жергілікті компанияларға Twitter-де жарнама жасауға тыйым салды. Өйткені бұл әлеуметтік желінің бұл елде ешқандай өкілдігі жоқ. Сондықтан билік осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. Енді Twitter, Periscope, Pinterest-те жарнама жасаған компанияларға айыппұл салынады.
Facebook пен Instagram компаниялары болса, Түркия билігінің талаптарын орындап,елдің әлеуметтік желілерді реттеу туралы жаңа заңына сәйкес өз өкілдіктерін ашады. Еске сала кетсек, 2020 жылдың қараша айында Түркия үкіметі Facebook, Instagram, Twitter, YouTube, Periscope және TikTok әлеуметтік желілері өз өкілдіктері туралы ақпарат бермегені үшін оларға 10 миллион түрік лирасы көлемінде (шамамен 1,2 миллион доллар) айыппұл салған еді.
Шілде айында Түркия парламенті әлеуметтік желілерді реттеу туралы заң қабылдаған болатын. Құжатқа сәйкес 1 миллионнан астам қолданушысы бар ірі әлеуметтік желілердің Түркияда өкілдігі болуы тиіс және оның басшысы болып міндетті түрде Түркия азаматы тағайындалуы шарт.
Табиғат Нұрболат
Фото: gazeta.ru