Түркияда 100-ден аса туристі бар яхта өртеніп кетті

380

Оқиға салдарынан 17 адам зардап шекті.

Түркияда 100-ден аса туристі бар яхта өртеніп кетті Фото: tourdom.ru

Түркиядағы Мармарис курорттық қаласынан 10 км қашықтықта Кечи аралындағы Eagles яхтасы өртеніп, 17 адам зардап шекті. Бұл жайлы Haberler ақпараттық агенттігі елдің теңіз әкімшілігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік мәліметінше, ағаштан жасалған круиздік кеме жағадан шыққаннан кейін көп ұзамай өртенген. Өрттен қашқан жолаушылар суға секірген. Өрттің салдарынан яхта толығымен суға батып кетті.

Жағалау күзетінің отрядтары кеменің жолаушыларын судан шығарып, оларды жағаға жеткізді. Зардап шеккендер Мугла және Мармарис қалаларындағы ауруханаларға жатқызылды, деп хабарлады ведомстводан.

"Ешкі аралының (Кечи аралымен көршілес) жанындағы Eagles круиздік кемесінде өрт салдарынан 96 жолаушы мен алты экипаж эвакуацияланды. Оқиға салдарынан 17 адам зардап шекті, оның 14-і жеңіл жарақат алды, ал үшеуі ауыр жарақат алды", - делінген хабарламада.

Оқиға фактісі бойынша құқық қорғау органдары тергеу ұйымдастырып, әкімшілік іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу