Түркияда 23 мың отбасы екпе салдырудан бас тартқан

770

Түркияда 23 мың отбасы екпе салдырудан бас тартқан

Түркияның микробиология және инфекциялық аурулар қауымдастығының жетекшісі, профессор Алпай Азап ел аумағында екпе салдырмаушылар қарасының жылдан жылға жылдам артып келе жатқанына алаң, деп хабарлайды islam.kz.

Ғалымның келтірген дерегіне қарағанда, баласына екпе салдырудан ат-тонын ала қашатын отбасылардың  соңғы жылдары тым көбейіп бара жатыр.

2011 жылы мұндай отбасылардың саны бар-жоғы - 183 болса, 2012 жылы – 387, 2013 – 913, ал 2014 жылы -1,370, 2015 -1,091, 2016 жылы 11 мың 470 отбасы екпе салдырудан бас тартқан. Өткен жылы, яғни, 2017 жылы ондай отбасылардың саны 23 мыңға жеткен.

Маман екпенің аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы тұруда  95 пайыз тиімді екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу