Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды

2356

Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы бір жер сілкінісі болды.  

Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды Фото: aa.com.tr

Жерасты дүмпулері 24 наурыз күні сағат 03:39-да Кахраманмараш провинциясының Гөксун ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 7,34 шақырым тереңдікте болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 баллды құрады. Құрбандар мен қираулар туралы ресми мәлімет жоқ.

23 наурызда түнде Қазақстанның оңтүстік қалаларының тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулерін Шымкент, Тараз және Түркістан облысының тұрғындары сезді. Бір күн бұрын тербеліс Шымкент пен Тараз тұрғындарын шошытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу