Түркияда тағы жер сілкінді

156

Зілзала ошағы Ирактың Эрбил қаласы маңында 7 шақырым тереңдікте жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты HaberTRK арнасына сілтеме жасап.

Түркияда тағы жер сілкінді Фото: canva.com

Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де болған 4,8 балдық зілзала ауылдық аймақтағы бірнеше ғимараттың қирауына және зақымдануына әкелген.

Абырой болғанда, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар түнді ашық алаңдар мен мешіттерде өткізген.

Қазіргі уақытта арнайы қызметтер қираған үйлер мен ғимараттарды тексеріп, шығын көлемін есептеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу