Түркияда 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

912

Түркияда  4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

Түркияда  шілдедегі мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген күдікпен 4,4 мыңдай мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босату туралы жарлық шықты, деп хабарлайды батыстың ақпарат құралдары.
Жұмыстан босап қалғандардың қатарында мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, кітапханашылар, тәртіп сақшылары мен сот хатшылары бар.
Түркияда  сәтсіздікке ұшыраған әскери төңкерістен кейін жалпы алғанда мемлекеттік органдардан  125 мыңнан астам адам жұмыстан босатылып, тағы  40 мыңдай адам тұтқындалды.
Түркияда әскер төңкеріс жасау әрекеті 2016  жылдың  16 шілдесіне қараған түні жасалды, алайда бүлікшілердің жоспары іске аспады. Анкара бұл іске Фетхуллах Гүленнің қатысы бар деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу