Түркияда 5,6 баллдық жер сілкінісі болды

596

Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 5,6 баллдық жер сілкінісі болды.  

Түркияда 5,6 баллдық жер сілкінісі болды Фото: apa.az

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, зілзала эпицентрі Шығыс  Анатолиядағы Ешилюрт ауданында орналасқан. Апат салдарынан 29 үй опырылып құлап қалған. 1 адам қаза тауып, 110 тұрғын жарақат алды.

Түркия билігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының мәліметінше, жергілікті халық эвакуацияланды. Ал қираған үйлер маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жалпы ақпанның 6 күнгі жойқын жер сілкісінінен кейін Түркияда 45 афтершок тіркелген. Түрік елі мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу