Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

853

Елдің оңтүстік-шығысында Шанлыурфа провинциясында ғимараттар қирағаны хабарланды  

Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды Фото: haber7.com

Әзірге, қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz haberturk агенттігіне сілтеме жасап.

Түрік сейсмологтарының мәліметінше, 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер дүйсенбі күні Түркияның көптеген аймағында, соның ішінде ел астанасы Анкарада да сезілген.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілді.

Сонымен қатар Al Arabiya телеарнасы жер сілкінісінің Ирак пен Ливанның кейбір аймағында да сезілгенін атап өтті.

Басылым Шанлыурфа провинциясынан түсірілгене фотосуреттерге сілтеме жасай отырып, дүмпу салдарынан кем дегенде бір ғимараттың толығымен қирағанын хабарлайды.

Мемлекеттік TRT телеарнасы Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше провинциядан тікелей түсірілімдер көрсетеді. Аталған елдімекендер тұрғындары суыққа қарамастан, жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу