Түркияда Абай жылының салтанатты ашылуы өтті

1260

5 елдің әртістері Түркияның Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Абайдың музыкалық мұрасын орындады.

Түркияда Абай жылының салтанатты ашылуы өтті Фото: mfa.gov.kz

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Мәдениет министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы мен "ТРТ Аваз" телеарнасының қатысуымен Түркиядағы Абай жылын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Іс-шараны ашқан ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д. Қасейінов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды тану – Қазақстанды, қазақ халқын тану" деген сөзіне назар аударып, түркі әлемінің мәдени астанасы - Ош қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің жиналысында 2020 жыл Абай жылы деп жарияланғанын еске салды",– делінген хабарламада.

Кеш соңында Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және Әзербайжан әртістері Түркияның Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Абайдың музыкалық мұрасын орындады. Талантты әртістер көрермендерді ұлы ақынның "Айттым сәлем, Қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы" және т. б. шығармаларымен қуантты.

Сонымен қатар, "ТРТ Аваз" телеарнасы салтанатты концертті толығымен түсіріп, 350 миллион көрерменге концертті көруге мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу