Түркияда әкім сайлауына 34 саяси партия қатысып жатыр

354

Бүгін жексенбіде Түркияда сайлау өтіп жатыр. 34 саяси партия қатысатын сайлауда 61 млн 441 мың 882 сайлаушы дауыс береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияда әкім сайлауына 34 саяси партия қатысып жатыр Фото: inbusiness.kz

Шығыстағы 32 провинцияда дауыс беру басталды. Бұл провинцияларда тұратын азаматтар сағат 16:00-ге дейін дауыс бере алады. Басқа провинцияларда дауыс беру уақыты — 08.00-17.00.

Жоғары сайлау кеңесінің (YSK) шешіміне сәйкес, Адыяман, Агры, Артвин, Бингөл, Битлис, Диярбакыр, Элазығ, Эрзинжан, Эрзурум, Газиантеп, Гиресун, Гүмүшхане, Хаккари, Карс, Малатия, Кахраманмараш, Мардин, Муш, Орду, Ризе, Сиирт Сивас, Трабзон, Тунджели, Шанлыурфа, Ван, Байбурт, Батман, Шырнак, Ардахан, Ыгдыр және Килис қалаларында дауыс беру басталды.

Бұл провинцияларда дауыс беру сағат 16.00-де аяқталады. Басқа провинцияларда дауыс беру уақыты — 08.00-17.00.

61 млн 441 мың 882 сайлаушы тіркелген саяси додада 1 млн 32 мың 610 жас алғаш рет дауыс береді. 

Республика бойынша 206 мың 845 сайлау жәшігі орнатылып, мыңға жуық жылжымалы жәшік жасалған. 

Осы сайлауда 81 провинция, 973 аудан және 390 қаланың әкімі анықталады. 

Сайлауға 34 саяси партия қатысып жатыр. 

Сайлаушы тек өз сайлау округінде өтетін сайлауға дауыс бере алады.

Астана мэріне арналған бюллетень "ақ", облыстық кеңес мүшелігіне арналған бюллетень "қызғылт сары", мэр лауазымына арналған бюллетень "көк" және муниципалды кеңес мүшелігіне арналған бюллетень "сары" болады. 

Сайлау бюллетеньдері бір конвертке салынады.

Бұл сайлауда сырқатына немесе мүгедектігіне байланысты төсек тартып жатқан сайлаушылар үшін жылжымалы сайлау жәшіктері жасалды.  

Дауыс беру аяқталғанға дейін жәшіктер ашылмайды.

Дауыс беру уақыты 07.00-16.00 болатын провинцияларда 16.00-ге дейін, ал басқа провинцияларда 17.00-ге дейін дауыс санауға болмайды.

Сайлаушылар тізіміндегі барлық адам дауыс беріп қойса да, уақыт аяқталмайынша жәшіктерді ашуға рұқсат жоқ. 

Бүгін таңғы сағат 06:00-ден түнгі 00:00-ге дейін Түркияда алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу