Түркияда алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталды

1376

Түркияда алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталды

Түркияда 2023 жылы алғашқы атом электр станциясы іске қосылады. Анкарада Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин "Аккую" станциясының құрылыс жұмыстарын бастауға салтанатты түрде рұқсат берді, деп хабарлайды 24.kz.

Жоспарға сәйкес  станцияда жоғары қауіпсіздік талаптарына жауап беретін төрт қуат блоктары бой көтереді. Олардың әрқайсысы 1200 мегаватт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 20 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Екі елдің үкіметаралық келісімі бойынша атом станциясы акциясының ең кемі 51 пайызы Ресей компанияларына тиесілі, ал қалғаны жобаға қатысуға ниетті инвесторлардың иелігінде болады.

Ресей президенті салынғалы жатқан станция экономика, ғылым мен өндірістік әлеуеттің дамуына ықпал етіп, халықты арзан әрі таза электр қуатымен қамтамасыз ететініне сенім білдірді. Ал түрік елінің көшбасшысы жоба қос мемлекеттің ынтымақтастығына жаңаша серпін беретінін атап өтті.

"Құрметті достар, біздің алдымызда 2023 жылы Түркия Республикасының құрылуының 100 жылдығына орай алғашқы қуат блогын тапсыру мақсаты тұр", - дейді Ресей президенті.

"Аккую" толығымен іске қосылса, онда ол Түркияның электр энергияға қажеттілігінің 10%–н қамтамасыз етеді. Осылайша, мұнай, табиғи газ бен көмірден тұратын энергетикалық себетімізді реттеуге мүмкіндік аламыз", - дейді Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу