Түркияда алтын кенішінде көшкін жүріп, бірнеше адам үйінді астында қалды

316

Болжам бойынша тоғыз адам үйінде астында қалды. 

Түркияда алтын кенішінде көшкін жүріп, бірнеше адам үйінді астында қалды Фото: Anadolu Agency

Түркияның Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін айтты. 

“Өкінішке қарай, көшкіннен тоғыз қызметкер зардап шекті деген болжам бар”, – деп хабарлады ол. 

Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша жалпы шахтада ауысыммен 667 адам жұмыс істейді. 

Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу