Түркияда үйіндінің астынан бала құтқарылды. Аман қалған сәбиді анасы денесімен жауып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркияның Хатай қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйіндінің астында жылап жатқан баланың дауысы естілген. Апат салдарынан баланың бүкіл отбасы қаза тапқан, алайда сәбидің анасы баласын кеудесімен жауып қалған.
"Аднан есімді бала жер сілкінісінен кейін үйінді астында аман қалды. Апат салдарынан баланың бүкіл отбасы: ата-анасы, екі ағасы мен екі әпкесі қаза тапқан", делінген хабарламада.
Баланы құтқару операциясы үзіліссіз 72 сағатқа созылды. Зілзаладан аман қалған бақытты сәбиді қолына алған құтқару жасағының офицері еріксіз көзіне жас алды.