Түркияда Анкараның алты айдан кейін НАТО-дан шығуы қарастырылуда

742

"Ватан" ("Отан") түрік партиясы төрағасының орынбасары Этхем Санжак "НАТО-дан шығу шұғыл әрі міндетті қадам" деп мәлімдеді, өйткені "НАТО өзінің арандатушылықтарымен бізді осы әрекеттерді баруға мәжбүрлеп отыр". 

Түркияда Анкараның алты айдан кейін НАТО-дан шығуы қарастырылуда

Бұл туралы Verelq жаңалықтар агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүкіл Түркияда НАТО-дан шығуды талап ететін наразылық акциялар басталлы. Швеция, оның басшылығы әлі де болса НАТО-ға мүше болу үшін Түркиямен келісуге болады деп үміттенеді. Ал АҚШ жағдайдың былай өзгергеніне тіпті де қуанышты сияқты. Түркия шықса, Швеция кіреді", - деді ресейлік түріктанушы Владимир Аватков.

Сонымен қатар, Этхем Санжак елдің жақын арада альянстан шығуын болжайды. Оның үстіне ол барлық кінәні Брюссельге жүктеді:

"НАТО өзінің арандатушы әрекеттерімен бізді осындай қадамға баруға мәжбүр етеді. Олар бізді көршіміз Грециямен салыстыруға тырысады. Түркия бес-алты айдан кейін НАТО-дан кетеді. Ақырында, бүкіл әлем Швеция мен Нидерландыдағы Құранға қарсы көзқарасын көрді", - деді Санжак.

Санжактың айтуынша, соңғы сауалнамалар Түркия халқының басым көпшілігі АҚШ-ты басты қауіп деп санайды, ал Ресей мен оның жетекшісі Владимир Путинге деген көзқарастары керісінше жақсарып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу