Түркияда әуежайда ұшақтан түтін шықты

147

Ыстанбұлдан Анталияға бағыт алған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы қонғаннан кейін шасси бөлігінен түтін шығып, жолаушылар шұғыл эвакуацияланды.  

Түркияда әуежайда ұшақтан түтін шықты Фото: бейнежазбадан

Бұл туралы Milliyet басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға Анталия әуежайында болған. Boeing 777 ұшағы ұшу-қону жолағына сәтті қонғанымен, біраз уақыттан соң оның шассиінен түтін көріне бастаған. Әлеуметтік желіде ұшақтан жолаушылардың түсіп жатқаны түсірілген видео тарады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, оқиға кезінде ешкімге қауіп төнбеген, алайда сақтық шарасы ретінде жолаушылар дереу ұшақтан шығарылған.

– Жолаушыларымыз дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ. Өкілетті мамандар ұшақты техникалық тексеруге кірісті. Алғашқы тексеріс нәтижесі бойынша, түтін гидравликалық құбырдағы ақаудан шыққаны анықталды, – делінген Turkish Airlines таратқан ресми мәлімдемеде.

Ұшақтағы 247 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі эвакуацияланды. Түркияның Көлік министрлігі оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тексеру бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу