Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы оққағары Түркиядағы қонақүй бөлмесінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті Turkiye газетіне сілтеме жасап.
50 жастағы Махир Мамедов Айдын қаласындағы Көшадасы ауданынан табылды. Ол үш күн бұрын әйелі мен ұлымен бірге демалуға келген.
Таңертең таңғы астан кейін отбасы мүшелері бөлмеге оралды. Кейінірек әйелі мен баласы қала орталығына серуендеуге шыққан, ал қайтып келгенде, олар еденде қозғалмай жатқан Мамедовты тапты.
Өлімнің нақты себебі мәйітті қарағаннан кейін анықталады, деп атап өтті газет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу