Түркияда белгісіз біреулер сот ғимаратына оқ жаудырған

270

Шабуылдан бес адам зардап шеккен.

Түркияда белгісіз біреулер сот ғимаратына оқ жаудырған Фото: unn.ua

Ыстамбұлда ер мен әйел адам қарумен сот ғимаратына шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға түскі уақытта болған. Шабуылдан бес адам, оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері зардап шеккен. Күдіктілер ұсталды.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, оқыс оқиғадан бір адам қаза тапқан.

Қазір оқиға орнына қосымша полиция күштері мен медициналық топтар жұмылдырылды. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Прокуратура тергеуді бастады.

Ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасағандардың революциялық халық азаттық партиясы террор ұйымының мүшелері екенін айтты. Бұл – Ыстамбұлда кейінгі екі аптада болған екінші шабуыл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу