Бұл туралы дүйсенбіде inbusiness.kz Ресей ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Ресей командасының жұмыс учаскесінде Ресей, Беларусь пен Қырғызстан ТЖМ құтқарушыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары барысында бір адам құтқарылды. Жер сілкінісінен 160 сағаттан астам уақыт өтті", — деді баспасөз қызметі.
Үйінділерден адамды шығару операциясы төрт сағаттан астам уақытқа созылған. Ресей ТЖМ дәрігерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмекті үйінді астынан шығарылғанға дейін көрсетті. Жәбірленуші жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.