Түркияның бірнеше провинциясында дала өрті өршіп тұр. Соңғы мәлімет бойынша, қызыл жалын 1 500 гектарға жайылған.
Чанаккале провинциясындағы орман өрті 15 сағаттан бері жалғасып жатыр. 9 ауылдан адамдар эвакуацияланды.
Билік өрттің әлі бақылауға алынбағанын және ең нашар сценарийге дайындық жүріп жатқанын айтады.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, өрт сөндіру үшін апат аймағына 68 техника, 10 ұшақ пен 26 тікұшақ жұмылдырылды. Әзірге, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу