Түркияда болған атыстан қазақстандық зардап шекті

445

Ыстамбұлдағы атыс кезінде қазақстандық оқ жарақатын алды. 

Түркияда болған атыстан қазақстандық зардап шекті Фото: Zakon.kz

Cumhuriyet басылымы 18 сәуірде дүкеннен шығып бара жатқан адамға көлікте отырған екі адам оқ жаудырғанын, содан атыс басталғанын жазады. Куәгерлер шамамен 30-40 рет оқ атылғанын айтады, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, зардап шеккен Қазақстан азаматының атысқа еш қатысы жоқ, ол өзі тұратын тұрғын үйге кірмек болған сәтте жарақат алған.

"Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға апарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, біздің отандасымыз - жергілікті азаматтар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны. Полиция тергеу жүргізуде", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР СІМ баспасөз қызметі ер адам медициналық тексеруден өткенін, қазір оқты алу үшін жасалатын операцияны күтіп жатқанын, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу