Түркияда болған су тасқыны кезінде бір адам із-түссіз жоғалып кетті

121

Оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Түркияда болған су тасқыны кезінде бір адам із-түссіз жоғалып кетті Фото: www.ntv.com.tr

Түркияның Трабзон аймағында қатты жауын-шашын болып, бірнеше аудан су астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report.az басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, толассыз жаңбыр түнгі уақытта басталған. 

Су тасқыны салдарынан көшелер мен жолдар су астында қалды. Тасқын кезінде бір адам жоғалып кетті. 

"Із-түссіз жоғалып кеткен 72 жастағы Гусейн Айдынды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқыны салдарынан жолдардың жабылуы іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу