Түркияда екі жылда 1 миллионнан астам адам қайтыс болды

806

Түркияда 2020 жылы 507 мың 938 және 2021 жылы 565 мың 594 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Түркияның статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Түркияда екі жылда 1 миллионнан астам адам қайтыс болды Фото: Google

Түркияның статистика комитеті алғаш рет 2020 және 2021 жылдары қайтыс болғандар санын жариялады. 2020 жылы олардың саны 507 938 құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға артқан. Қайтыс болғандардың 56 пайызы ерлер, ал 44 пайызы әйелдер.

2021 жылға келер болсақ, 565 594 адам қайтыс болған. Өлім саны 2020 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өсті. 2021 жылы қайтыс болғандардың 54,6 пайызын ерлер, ал 45,4 пайызын әйелдер құрады.

Өлім себептерінің ішінде қан айналымы жүйесі арқылы берілетін аурулар бірінші орынға шықты. 

Сонымен қатар Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, коронавирустан 101 мың 492 адам қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу