Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болған уағыздаушы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды. Oda TV порталының хабарлауынша, ол Пенсильваниядағы үйінде уланып жан тапсырған көрінеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Бұл ақпаратты барлау бөлімшелері растады", – деп жазылған басылымның дерегінде. Дегенмен Вашингтондағы Anadolu түрік агенттігінің басшысы Хакан Джопур Гүленнің өлімі туралы ақпарат тексеріліп жатқанын жариялады.
"Біз бәрін бақылап отырмыз. Америкалық полиция мен жергілікті БАҚ бұл туралы ақпарат бермейді. Бірақ бұл Гюленнің үйінде ештеңе болған жоқ дегенді білдірмейді. Бір нәрсе болған шығар, бірақ бұл туралы полицияға хабарланбаған болуы мүмкін. Алайда ұйым оны ұзақ уақыт бойы жасыра алмайды", – деді Хакан Джопур.
Ескере кететін жайт, Түркияда уағызшы Фетхуллах Гүленнің FETO деп аталатын ұйымы террористік болып саналады. Ұйым 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айыпталған болатын.
Табиғат Нұрболат