Түркияда футбол алаңы ойыншықтарға лық толды

644

Жанкүйерлер зілзаладан зардап шеккен балаларға қолдау білдірді.  

Түркияда футбол алаңы ойыншықтарға лық толды Фото: globallookpress.com

"Бешикташ" пен "Антальяспор" арасында футболдан өткен Түркия чемпионатының 14-турының матчы кезінде ойын алаңы жұмсақ ойыншықтарға толды.

Түркияның "Бешикташ" және "Аланьяспор" футбол клубатарының кездесуі аяқталғаннан кейін жанкүйерлер алаңға жаппай жұмсақ ойыншықтарды тастаған. Осылайша, олар жер сілкінісінен зардап шеккен балаларды қолдау білдірді. Барлық ойыншық балаларға таратылып беріледі.

Бастапқы ысқырықтан төрт минут өткен соң алаңға жүздеген ойыншықтар лақтырыла бастады. Акция ақпан айының басында Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға арналды, деп жазады inbusiness.kz RT сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Ыстамбұл қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 6 ақпанда болған Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан 44 мың адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу