Атыраудағы қанды қылмыс туралы "айтқан" хакер елге әкелінді

328

Күдікті 3 млн теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденген.  

Атыраудағы қанды қылмыс туралы "айтқан" хакер елге әкелінді Фото: бейнежазбадан

19 маусым күні Қазақстанға Түркия Республикасынан бірнеше алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны елге қайтару іс-шараларына Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі атсалысып, өзара іс-қимыл жасаған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024 жылдың қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын пайдалана отырып, Атырау қаласының екі тұрғынынан үш миллион теңгеден астам қаражатты алдап иемденген.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі шетелде жасырынып жүрген, жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу