2 тамыздан бастап Түркияда Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, пайдаланушылар оған VPN арқылы ғана қол жеткізе алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желі неліктен бұғатталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жоқ, алайда кейбір бейресми дереккөздер мұны 31 шілдеде Тегеранда Хамас жетекшісі Исмаил Ханидің өлімімен байланыстырып отыр.
Сол күні Түркия президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Фахреттин Алтун Instagram желісін Ханияның өліміне байланысты көңіл айту жазбаларына "белсенді түрде кедергі келтіргені" үшін шара қолданамыз деп ескерткен еді.
Түркияда 2 тамыз Исмаил Ханияны аза тұту күні деп жарияланды.
Айта кетейік, Түркия ЕО, АҚШ, Израиль және басқа елдерде террористік ұйым деп танылған Хамаспен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр.