Түркияда Ирактың 62 азаматы ұсталды

829

Олар "Ислам мемлекеті" террористік тобына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Түркияда Ирактың 62 азаматы ұсталды

Түркия полициясы "Ислам мемлекеті" террористік тобына қатысы бар деген күдікпен 62 адамды ұстады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

52 адам Түркия астанасы Анкарада ұсталса, тағы 10 адам елдің солтүстігіндегі Самсун провинциясында күзетке алынған. Күдіктілердің барлығы Ирак азаматы.

"Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, Түркияда бұған дейін 300-ге жуық адам "Ислам мемлекеті" ұйымдастырған лаңкестік әрекеттерден көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу