Түркияда ірі жол-көлік апаты орын алды

348

Оқиға салдарынан 10 адам қаза болып, 60-қа жуық адам зардап шеккен. 

Түркияда ірі жол-көлік апаты орын алды Фото: trthaber.com

Түркия елінің солтүстік-батысында көліктер бірінен соң бірі соқтығысқан ірі жол апатынан 10 адам опат болып, тағы 60-қа жуық адам зардап шеккен. Олардың арасында туристер жоқ. Бұл туралы inbusiness.kz сайты TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жол апаты Солтүстік Мармара тасжолының Сакария ауданында бейсенбі күні болған. Оған жүк көлігі, үш автобус және тағы үш көлік қатысты.

"7 автокөлік соқтығысқан апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 59 адам зардап шекті. Апат қалың тұманға байланысты орын алды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, зардап шеккендер ауруханаларға жеткізіліп, аймақтағы төтенше жағдайлар бригадаларының жұмысы жалғасып жатыр екен.

Қазіргі уақытта, оқиға орнында жандармерия, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, апатты жою бөлімі (AFAD) және жол бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, Ыстамбұлға қарай тас жолда көлік қозғалысы уақытша жабылды.

Өз кезегінде Түркияның әділет министрі Йылмаз Тундж Х (бұрынғы твиттер) әлеуметтік желісінде Сакарияның Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Әзірге ірі жол апатының нақты себептері анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу