Түркияда катер турист әйелді қағып кетті

315

Әйел қаза тапты. 

Түркияда катер турист әйелді қағып кетті Фото: Voice

Түркияда катер ресейлік туристті қағып кетті. Салдарынан әйел көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Habertürk газетінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Кемер курортында болған. 42 жастағы әйел теңізде жүзіп жүріп, белгіленген шекарадан асып өткен. Сол сәтте оны парасейлингке арналған катер қағып кетті.

Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің қаза тапқанын растады.

Катер капитаны мен парасейлинг компаниясының иесі ұсталды. Оқиға болған жерде су спортының түрлері уақытша тоқтатылып, тергеу жүргізіліп жатыр.

БАҚ-тың жазуынша, турист демалысының бірінші күнінде қайтыс болған. Қайтыс болған әйелдің қызының айтуынша, анасы Түркияға бір өзі ұшып кеткен. Ол жалғыз саяхаттауды жақсы көрген, Анталияда бұған дейін де демалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу